Шымкентте «MacCoffee» 3/1 дайындаған заңсыз цех әшкереленді
- author «Ақ жол»
- 19 желтоқсан, 2025
- 527
Тез еритін кофені «С» есімді азамат кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген. Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді.
Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені хабарланды. Осы іске байланысты «С» азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 158-бабы (Өзге біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тексеру материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- Бүгін, 10:52
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




